Бөгеттер жаңартылды

Нау 20, 2025

Ауданда көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Өткен жылы Аққулы-Баймолдин автожолында жиналатын қар суын бұру үшін ұзындығы 200 метр, ені 2 метр арна жасалған. Жол төсемін көтеру және су өткізу құбырын орнату мақсатында Аққулы-Қазы жолының 0-15 шақырым учаскесін жөндеу жоспарланған.

Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ш.Абдоловтың сөзінше, Аққулы ауылының солтүстік бөлігі ерекше назарға алынған. 10 сәуір мен 5 мамыр аралығында Шүлбі су қоймасынан су жіберіледі. Аудан орталығында үйінділер жасалып, тұрғын үйлер айналасындағы үйінділер жаңартылды.

— Инертті материалдар қажетті көлемде дайындалды. Бұл ретте 2 мыңнан астам қапшық  әзірленді. Жанар-жағармай қоры жеткілікті. Су тасқыны салдарын жоюға 84 адам мен 35 техника жұмылдырылады. Қазір ауданда жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, — дейді Ш.Абдолов.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.