Ақжол ауылында газ қазандығының құрылысы жалғасуда. Қазіргі уақытта газгольдерлерді байланыстыру, буландырғышты орнату, қазандықтың қабырғаларын монтаждау жұмыстары аяқталды.
Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов Ақжол ауылына жұмыс сапарымен барып, газ қазандығының құрылысымен танысты. Бүгінде электр желісіне қосуға дайындық жұмыстары жүргізіліп, жылу трассасын төсеу үшін материалдар жеткізілді.
Нысанды тексеру барысында аудан басшысы жаңа газ қазандығының жұмысын бір жылыту маусымы бойы сынақтан өткізу мақсатында мектептің қолданыстағы қазандықтарын сақтап қалуды тапсырды. Ал Шілікті ауылында медициналық пункттің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта құжаттарды, соның ішінде нысанды пайдалануға қабылдау актісін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ресми ашылуы Наурыз мерекесіне дейін жоспарланған.
А.БОРАНБАЕВА.