Гүл егілуде

Қаз 9, 2025

«Ертіс орманы» резерватының мамандары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында күлтелі гүлдерді қысқы маусымға дайындау үшін арнайы құмыраларға отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

Резерват өкілдерінің айтуынша, бұл гүлдер қыс айларында да өсіп, көркімен көз қуантатын болады. Ал көктем шығып, күн жылынған кезде қайтадан ашық алаңдағы клумбаларға отырғызылып, жаз бойы аулалар мен ғимарат маңын әсемдікке бөлейді.

– Гүлдерді құмыраларға отырғызып, жайқалып өсуіне жағдай жасау жұмыстары —
табиғатқа деген жанашырлықтың белгісі, экологиялық тәрбие мәдениетінің жарқын үлгісі деп білеміз, — дейді мамандар. Олардың айтуынша, қысы-жазы жайнатып гүл өсіру -кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Бұл үлкен еңбекті, шеберлікті, ұқыптылықты қажет етеді.

Н.АҚЫТЕГІ.