Дарындылар — ел ертеңі

Мау 5, 2025

Ақтоғайлық оқушылар әртүрлі деңгейдегі байқаулар мен жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп келеді. Жуырда сондай дарынды балалардың бір тобы марапатталды.

Ақтоғай аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Машырықов қатысып, биыл халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі олимпиадаларда, байқауларда, шығармашылық және спорттық жарыстарда үздік нәтиже көрсеткен 230 талантты оқушыны Ақтоғай ауданы әкімінің және білім бөлімінің Алғыс хаттарымен, сондай-ақ ақшалай сыйақымен марапаттады.

Кездесу соңында оқушылар өз жетістік-жеңістерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Республикалық олимпиада, түрлі жарыстардағы қиындықтар мен қызықты оқиғаларды айтып, еркін пікір алмасты.

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.