Малайсары ауылындағы мектептің жанынан құрылған лагерьде балаларға  қымыз беріледі. Қымызбен ауылдың «Мәди» шаруашылық қожалығы қамтамасыз етуде.

Малайсары орта білім беретін мектеп басшылығының сөзінше, емдік сусын бүлдіршіндерге төрт жыл қатарынан ұсынылып келеді.

— «Жауқазын» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде, одан бөлек әр балаға ерекше педагогикалық тәсіл таңдалады. 3D қаламмен модельдеу әдісі арқылы түрлі бұйымдар жасалады. Әжелер үш жыл қатарынан балаларға құрт жасау әдісін үйретуде.

Мектеп түлектері «Лагерьге жолдама сыйла» акциясы аясында жыл бойы нәтиже көрсеткен 10 оқушыға Көкшетауға жолдама сыйлады. Балалар 18 маусымда GM camp балалар шахмат лагеріне демалуға барады. GM camp – Zerenda Park жабық демалыс базасындағы GMCA шахмат академиясының шахмат жаттықтырушылары және тәжірибелі «Думан» педагогикалық тобы бар балалар лагері.

 

Өз тілшіміз.