Денсаулық бәрінен қымбат

Қар 6, 2025

Ақтоғай ауданының Жолболды ауылында жергілікті тұрғындар асыға күткен жағымды оқиға орын алды. Атап айтсақ, медициналық бекет күрделі жөндеуден өтіп, есігін айқара ашты.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Саяуыш Сәдуақасов қатысып, жолболдылықтарды айтулы оқиғамен құттықтады.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары биыл сәуір айында басталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 84 млн теңге қаражат бөлінген. Жауапты мердігер «Логотек.КЗ» ЖШС өз міндетін жауапкершілікпен орындап, жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтаған. Жобаға сәйкес, ғимараттың төбесі, есігі, терезесі, едені жаңартылған. Жаңа қазандық орнатылып, ғимараттың сырты, қабырғасы заманауи материалдармен қапталған. Мердігер демеушілік танытып, жаңа жиһаздарды тарту еткенін атап өткен жөн.

Медициналық мекеменің медбикесі Меруерт Жабағинованың айтуынша, соңғы екі рет жылда ауылда 12 нәресте дүние есігін ашып, туу көрсеткіші артып келеді. Аудандық аурухана дәрігерлері жүйелі түрде елді мекенге келіп, қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, мұнда дәріхана қызметі де қарастырылған.

А.БОРАНБАЕВА. Ақтоғай ауданы.