Депутат назарында

Қар 13, 2025

Аудандық мәслихат депутаттары әлеуметтік нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысын тексеруде.

Жуырда аудандық мәслихат төрағасы  Байшот Шыңғысов және мәслихат депутаты Сағынбай Уабов Қызылағаш ауылында салынып жатқан мәдени-демалыс орталығына мониторинг жүргізді. Қазіргі таңда нысан аумағын абаттандыру жұмысы аяқталуға жақын. Ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Қызылқақ ауылында құрылысы басталған мектептің жағдайымен танысты.  Білім ошағында  спортзалдың қабырғасын қалау жұмысы басталған. Депутаттар мониторинг жүргізуді жалғастырады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс ауданы