Аудан шаруалары егістік жұмыстарына қызу кіріскен. Биыл аудандағы егін егу ісіне 43 ауыл шаруашылығы құрылымы қатысуда. Шаруалар егістік алқабының көлемі 23 мың гектардан асады деп жоспарлауда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға көп.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, егістік алқабының 4455 гек-
тарына дәнді дақылдар себіледі. Ал майлы дақылдар 3085 гектар аумақты алмақ. 525 гектарға сүрлем, 510 гектарға көкөніс салынады. Сонымен қатар, 1860 гектарға картоп, 4500 гектарға біржылдық шөптер, 6500 гектарға көпжылдық шөп егіледі. Қыс мезгілінде ауданда 1,5 мың гектар аумақта қар тоқтату шарасы жүргізілді. Егістік жұмыстарын ойдағыдай жүргізу үшін 46 бірлік техника әзірленді. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 9100 гектар жерде ылғалды жабу, жер жырту және егіс алдындағы өңдеу жұмыстары аяқталып, тұқым себілуде.
Аудан бойынша суармалы жерлердің жалпы ауданы 6 770 гектарды құрайды. Биыл Қарақала ауылдық округінде көлемі 200 гектар суармалы жерді іске қосу жоспарлануда.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 310,2 тонна арзан-датылған дизель отыны бөлінген. Қазіргі уақытта 262,8 тоннаға келісімшарт жасалып, 169,9 тоннаға төлем жүргізілді. Ауданның ауыл шаруа-шылығы тауар өндірушілеріне «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және егін жинау жұмыстарына жылдық мөлшерлемесі
6 пайыздан аспайтын несие берілетінін жөнінде ақпарат берілді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қажетті техника мен жабдықтар, тұқым, тыңайтқыштар сатып алу үшін жалпы сомасы 808 млн теңгеге 9 өтінім берді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін «Ertissu» жеке кәсіпкерлігі 26 млн теңге көлемінде несие алды.
Мұндай мүмкіндікті егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін егістік алқабы мен ауыл шаруашылығы техникасы бар бидай, арпа, майлы дақылдар, қарақұмық өсіруді жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер пайдалана алады. Осылайша, шаруа-
лар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауды тиімді қолдануға ниет білдіруде.
Айдана ҚУАНЫШЕВА. Аққулы ауданы.