Аудан орталығында тұрмыстық тауарлар дүкені ашылды. Тұрғындардың қажетіне жарайтын тұрмыстық заттың түр-түрі сөрелерде самсап тұр. Кәсіпкер мұндай дүкен ашу үшін
мемлекеттің қолдауына жүгінген.
Нысанның ашылуына ауыл әкімі Қанат Айсақов, аудандық мәслихат депутаты Жанат Жазыбаев, ауыл тұрғындары қатысты. Кәсіпкер, дүкен иесі Инна Веременко аудандағы сұраныстарды саралай отырып, тұрмыстық тауарлар сатуды көптен бері ойлап жүрген екен. Ғимаратын өз күшімен тұрғызды. Осы орайда, дүкенге қажетті жабдықтар мен тауарлар сатып алу үшін 6 пайыздық жеңілдетілген несие алған. Ауыл әкімі Қанат Жұмабайұлы нысанның ашылуы тұрғындарға қосымша жұмыс орнымен қатар қолжетімді бағамен тауарларды алыстан емес, ауылдан алуға мүмкіндік беріп отырғаны – үлкен қуаныш, деді. Ал кәсіпкер ниет болса, іс бастауға барлық мүмкіндік барын, әсіресе, мемлекет тарапынан қолдаудың мол екенін атап өтті.
Өз тілшіміз.