Шалғай аудандарда маман тапшылығы бары белгілі. Железин ауданында да медицина қызметкерлеріне деген қажеттілік бар. Бүгінде мұнда лор, кардиолог, офтальмолог мамандары жоқ.

Алайда, аудан әкімі Айтуған Шайхимов маман тапшы деп қол қусырып отырған жоқпыз, дейді. Яғни, қазір аудан тұрғындары орны бос медициналық қызметкерлердің жәрдемінсіз қалмауы үшін түрлі қадам жасалуда. Мәселен, облыс орталығындағы дәрігерлермен келісіліп, аптасына бір рет олар ауданға қатынап, науқастарды қабылдайды. Ал шұғыл жағдайларда цифрлық технологиялар көмегімен онлайн кеңес алу мүмкіндіктері қолданылатын көрінеді. Жас мамандарды тарту мақсатында да аудан басшылығы жұмыс істеуде. Биыл ауданға бір педиатр және үш медбике келіпті. Қазіргі таңда ауданда медбикесі жоқ ауыл жоқ.

Г.МАҒЖАН.