Өткен жылы ауданда 15 дәрігер мен 17 фельдшер жұмысқа қабылданған. Бүгінде аудандағы барлық 4 дәрігерлік амбулаторияда жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр, терапевт бекітілген. Осылайша, дәрігер тапшылығы мәселесі шешілуде.

Аудандық аурухана басшысының міндетін атқарушы Қуандық Мұстафиннің айтуынша, жергілікті медициналық нысандар заманауи компьютерлермен қамтылып, интернетке қосылған. Бұл — деректер базасындағы жұмысты жылдам жаңартуға, статистиканы уақытылы беруге, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

— Аудандық ауруханада тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, жан сақтау бөлімі бар. Стационарлық реабилитолог, емдік дене шынықтыру кабинеті, массаж бөлмесі бар. Қажетті диагностикалық зертханалар да жұмыс істейді. Медициналық құрылғылар үнемі жаңарып тұрады. Өткен жылы 24 бірлік медициналық техника сатып алынды. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары ауруларын анық-тауға мүмкіндік беретін құрылғылар сатып алынды. Тұз шахтасы ашылды. Өткен жылы 3 ауылда жаңа медициналық нысандар бой көтерді. Осылайша, тұрғындардың денсаулығын жақсарту мәселесі ерекше назарға алынған, — дейді Қ.Мұстафин.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.