Аққулы ауданында мектеп оқушыларына арналған XXV аудан-дық спартакиада басталды. Бұл — аудан үшін маңызы зор дәстүрлі спорттық шара.
Биылғы спартакиада волейболдан Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ырысбек Қамысовты еске алуға арналды. Жарыс ұйымдастырушыларының сөзінше, бұл – тек сайыс емес, ұлт мақтанышына айналған тұлғаның рухына тағзым, жас ұрпаққа бағытталған өнеге сабағы.
Спартакиадаға ауданның түкпір-түкпірінен оқушылар қатысуда. Олар түрлі спорт түрлерінен бақ сынасып, өз шеберліктері мен қайсарлықтарын көрсетті. Жарыс барысында Ырысбек Қамысовтың ерлігі мен спорттағы жетістіктері бірнеше рет еске алынды. Ол ел намысын абыроймен қорғап, талай жүлдені жеңіп алған ерекше рухтың иесі болатын. Спортшының өмір жолы – табандылық пен жеңіске деген жігердің айқын үлгісі. Мұндай іс-шаралар — жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің, ел тарихындағы дара тұлғаларды ұлықтаудың бірден-бір жолы.
Т.САХАБА.
