Шарбақты ауданындағы «Жас орманфшы» мектебінің мүшелері табиғатты қорғау акциясы аясында саябақтар шеруіне белсенді қатысты. Сондай-ақ, жеткіншектер Шарбақты, Галкин, Александровка ауылдарындағы өлкетану мұражайларына саяхат жасады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты — оқушыларды мұражаймен таныстыру арқылы танымдық қабілеттері мен туған өлке тарихына деген қызығушылықтарын арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Шарбақтылық жас орманшылар мұражайдан ауыл-аймақ тарихын тереңірек біліп, өңірдегі белгілі адамдардың өмірімен, еңбектерімен танысты. Оқушылар үйлеріне үлкен әсермен тарқасты. Осындай шараларды жиі ұйымдастырудың маңызы зор, дейді ұстаздар қауымы.

 

Н.АҚЫТЕГІ.