Жуырда Тілектес ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Елді мекенде көптен күткен медициналық пункт ашылды.

Ямышев ауылдық округінің әкімі Бақытжамал Рахметова жаңа нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен салынғанын атап өтті.

— Жергілікті халық медициналық мекеменің ашылуын тағатсыздана күтті. Қуаныштарында шек жоқ. Нысан іші заманауи құрылғылармен жабдықталған. Халық сапалы медициналық қызметке қол жеткізіп отыр. Бұған дейін медбикелер ескі нысанда қызмет көрсеткен еді. Жаңа пунктте екі медбике жұмыс істейді, — дейді Б.Рахметова.

Еске сала кетейік, жыл соңында аудандағы Жабағылы және Шақа ауылдарында медициналық пункт ашылған болатын.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.