Жуырда аудан әкімі Руслан Мұқанов Төсағаш, Жабағылы, Шақа және Қазы ауылдарына іссапармен барып, елді мекендердегі құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Төсағаш ауылындағы балалар алаңының құрылысы көңіл көншітпейді. Бір ай бұрын мердігермен ескер-тулерді түзету бойынша келіссөз жүргізілген. Алайда, жұмыс толық орындалмаған-дықтан «Barys» ЖШС-мен келісімшарт сот арқылы бұзылды. Бұл ретте ауылдық округ әкіміне тиісті тапсырма берілген.

Ал Жабағылы ауылын-дағы медициналық пункттің құрылысы мерзіміне сәйкес жүргізілуде. Жаңа нысан осы айда қолданысқа берілмек. Шақа ауылында да меди-циналық пункт салынуда. Қазіргі уақытта нысанның шатырын жабу жұмысы қолға алынған. Бұдан кейін әрлеу жұмыстары басталады.

Биыл конкурстық шаралардың қорытындысы бойынша Қазы, Тілектес, Тақыр, Қазантай ауылдарында салынатын медициналық пункт құрылысына «Батыс Монтаж Сервис» ЖШС жауапты. Бүгінде елді мекендерде құрылыс орны белгіленген. Аудан әкімі жағдайды бақылауда ұстайтынын айтып, ауыл әкімдеріне тапсырма берді.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.