paint bucket, Paint roller and brush Placed on a cement floor. paint job concept.

Березовка ауылы мектебінің негізі 1972 жылы қаланған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Есік-терезесі тозып, едені де ескірген. Жаңа заманда мектептің небір жайлы түрі салынып жатқанда, аталмыш ауылдың оқушылары да сондай мүмкіндікті қалады.

Баласы биыл даярлық тобына барған Мереке Ботажанқызы мектептің жөнделетінін естігенде ерекше қуанған. Өйткені, ол балаларының жарық әрі кең, жайлы білім ордасында оқығанын тіледі.

— Балаларым кішкентай. Тұңғышымыз биыл даярлық сыныбында оқуда. Өзім де осы мектепте бастауыш сыныбына сабақ беремін. Ол рас, мектеп ескіргендіктен терезенің жақтауларынан жел соғады, боранды, желді күндері аңырап

қолайсыздықтар болмағаны дұрыс қой, — дейді Мереке Ергешбек.

Бұған дейін де бұл мектепке күрделі жөндеу жүргізілетіні айтылғанымен, кейінге шегеріле берген екен. Оған бала санының аздығы себеп болса керек. Березовка орта мектебінің директоры Салтанат Әлинованың мәлімдеуінше, қазіргі таңда мұнда 34 бала білім алуда. Оған қоса, мектеп жанын-дағы шағын орталықта 11 бүлдіршін тәрбиеленуде. Екі қабатты ғимараттың тозғанын білім ордасының басшысы да алға тартты. Еденінің өзі жүргенде сықырлап, ескіргені білініп тұрады. Терезелердің ағаш жақтаулары бүлініп, кейбірі шіри бастаған. Салдарынан жел де кіреді. Мектеп ұжымы есік-терезені жамап-жасқап, қолдан келгенше кәдеге жаратып келеді. Биыл жаңа оқу жылында бұл қолайсыздықтар өткен күннің еншісінде қалмақ.

Олай дейтініміз, жуырда аудан әкімі Айтуған Шайхимов 2025 жылға жоспарланған жобаларды атағанда аталмыш Березовка мектебі тізімнің басында тұрды. Яғни, ағымдағы жылы күрделі жөндеуден өтеді. Есік-терезесі түгел ауыстырылып, едендерінің бір бөлігі жаңартылмақ. Шатыры да жаңасына ауыстырылады. Мектеп алдына кеспетас төселіп, қоршау қойылады. Асха-наға кафель төселеді, спорт залдағы бұрыннан қолданылмай жарамсыз күйде тұрған санитарлық тораптар қалпына келті-рілмек. Осылайша, аудан орталығынан 90 шақы-рымдай қашықтықта орна-ласқан ауылдың басты нысан-дарының бірі жаңарып, елді мекенге ертеңгі күнге сенім ұялатпақ.

Айта кетейік, биыл ауданда іске асатын жобалардың арасында аталмыш мектептің күрделі жұмыс-тарынен бөлек, жолдың да жайы жақсарады. Мәселен, Железинка-Веселая роща арасын жалғайтын аудандық маңыздағы жолдың 15 шақы-рымына орташа жөндеу жүргізіледі. Крупское, Есқара, Екішоқы, Пятерыжск елді мекендерінің жалпы ұзын-дығы 4,3 шақырым кіреберіс жолдары жөнделеді деп күтілуде. Ал Ақтау, Майлы, Лесное ауылдарында ішкі көшелерінің жолы асфальт-талады. Алғашқысында 2,2 шақырымға тас жол төселсе, Майлы мен Лесное елді мекендерінің 2,8 шақырымдық көше жолдарына орташа жөндеу жүргізіледі.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ, Железин ауданы.