Есірткіге қарсы күрес күшейді

Қар 20, 2025

Бүгінгі заманның басты дерті – есірткі. Әсіресе, жастар арасында тыйым салынған заттарды таратудың алдын алу аса маңызды. Бұл ретте Екібастұз қаласының жұртшылығы кешенді күрес жұмыстарын бастады.

Есірткі қылмысының алдын алудың тиімді жолы – бірлескен әрекет. Соның аясында қала прокуратурасының
бастамасы жергілікті билік тарапынан қолдау тауып, қала әкімдігі, прокуратура, полиция және «Екібастұз халқына» қоры арасында төрт жақты меморандум жасалды.

— Аталған келісім жедел-іздестіру шараларын, тұрғындар арасында тыйым салынған заттарды қолдану мен таратудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ есірткіге тәуелді азаматтарды оңалту бағдарламаларын қолдауды қамтиды, — деді қала әкімі Аян Бейсекин.

Бұл ретте есірткі құқық бұзушылықтарын және есірткі құралдарын таратумен айналысатын тұлғаларды анықтағаны үшін сыйақы қарастырылған. Сыйақының көлемі құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді.

Аталған меморандум аясындағы жұмыстар есірткі заттарының таралуы мен жарнамалануына қарсы күрес жолындағы маңызды қадам болмақ.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Екібастұз қаласы.