Биыл ауданда 65 жас азамат «Жастар практикасы» бағдар-ламасы аясында еңбекке араласты. Олардың басым бөлігі — аудандағы аграрлық-техникалық колледждің түлектері.
Аудандық «Мансап» орталығының жұмысқа орналасуға қолдау көрсету бөлімінің басшысы Дана Байжүнісованың мәлімдеуінше, бағдарламаның игілігін көргендердің көбі – ауыл шаруашылығы саласы мамандығын меңгергендер. Яғни, тракторшы, машина жүргізушісі кәсібін игерген жастар аудандағы ауыл шаруашылығы қожалықтарына жолдамамен жұмысқа тұрған. Мәселен, Сергей Шепилов есімді жас жігіт Октябрьск ауылындағы «Пашин» фермерлік қожалығына тракторшы болып орналасқан. Одан бөлек, есепші, аспаз мамандықтарын тәмамдаған азаматтар да аталған бағдарламамен жұмыс тапты.
Г.МАҒЖАН.