Еңбекші ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі есігін айқара ашты. Мәдениет ошағының жылу жүйесі, терезелері мен есіктері толық ауыстырылды. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қоршау орнатылған.

Одан бөлек, нысанның іргелес аумағы да абаттандырылды. Аудан әкімі Айтуған Шайхимовтің мәлімдеуінше, ауылдықтарға жасалған бұл сый облыс басшысының қолдауымен аудан әкімінің сайлауалды бағдарламасы аясында тарту етіліп отыр. Жөндеу жұмыстарын «НамысСтрой» ЖШС атқарған. Мердігер жоспарланған жұмыстарды уақытылы аяқтаған. Жөндеуге барынша заманауи материалдар пайдаланылыпты. Алғаш рет мекемеге желдету жүйесі орнатылған. Енді Еңбекші елді мекенінің тұрғындары ән кештерін әсем ғимарат ішінде алаңсыз өткізе алады.

 

Г.ТҮГЕЛБАЙ.