Жайлы жағдай жасалды

Жел 18, 2025

Тереңкөл ауданы орталығында ширек ғасыр жұмыс істеп тұрған Оқушылар үйі биыл күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда күніне 100 шақты оқушы аталмыш нысанда қосымша білім алуда.

Оқушылар үйінің директоры Қымбат Шижбанованың айтуынша, күрделі жөндеу жүргізу жобасы облыс басшылығы тарапынан қолдау тапқан. Нәтижесінде, балалардың өнер, спорт түрлерінен қабілетін шыңдауға жайлы жағдай туды. Мұнда 32 үйірме бар. 840 оқушы қамтылған. Екі ауысыммен жұмыс істейтін мекемеде заман талабына, балалар сұранысына қарай үйірмелер қарастыруға мән беріледі. Бүгінде театр өнері, вокал, теннис, менталды арифметика, танымдық математика, қолөнер, кулинарлық үйірмелер жұмыс істейді. 2023 жылы бұл мекеме облыста үздік қосымша білім беру ұйымы атанып, арнайы грант ұтып алған. Ол қаражат есебінен лед-экран, Tach-панель сияқты жабдықтар сатып алынған.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.

Тереңкөл ауданы.