Жайлы жағдай жасалмақ

Шіл 31, 2025

Железин ауданында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар ауқымды іс атқарылуда. Солардың бірі – мектептің жөнделуі.

Ауданда әлеуметтік нысанды жөндеу жұмыстары жалғасуда. Олардың қатарында Ақтау ауылындағы Березовка мектебі де бар. Таяуда аудан басшысы Айтуған Шайхимов аталмыш елді мекенге барып, қолға алынған істердің барысын бақылап қайтты.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде ғимараттың екінші қабатындағы негізгі жұмыстар аяқталуға таяу. Бірінші қабатты ретке келтіріп, мектеп аумағын абаттандыру барысы да көңіл көншітерлік.

Бұл ретте аудан басшысы мердігер ұйымға жұмыстардың сапасы мен белгіленген мерзімдерін қатаң сақтауды тапсырды.

— Мектепте жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу – өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам, — деп түйіндеді А.Шайхимов.

Өз тілшіміз.