Жалаулыда жобалар көп

Там 23, 2024

Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында алдағы екі жылда ауқымды жобалар қолға алынбақ. Бүгінде бұл жұмыстардың бірқатары басталып кетті.

Мәселен, Жалаулы ауылдық округіне қарасты Балтасап ауылында келесі жылы 540, 2 млн теңгеге орталық су құбырының құрылысы басталады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданды.

Одан бөлек, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары аталған елді мекенде медициналық пункт салу жоспарланған.

Ал 2026 жылы Жалаулы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және қаражат бөлу жоспарланған. Сондай-ақ, Балтасап ауылында жасанды жабыны бар шағын футбол алаңының құрылғыларына қаражат қарастырылады.

 

А.БОРАНБАЕВА.