Аудан әкімі Николай Дычконың төрағалығымен ауа райының қолайсыздығына байланысты орын алған жағдайлар және оның салдарын жоюға байланысты жауапты сала басшыларының және құқық қорғау органдарының қатысуымен кеңес өтті.
Жиын барысында орын алған жайтқа қатысты тыңғылықты тексеру жүргізіп, ақаулардың нақты себебін анықтауды жүктеген әкім стратегиялық маңызды нысанда жарықтың сөнуіне алдағы уақытта жол берілмеуі керек екенін айтты.
— Аудан аумағындағы электр желілерінің жақсы сапасы, олардың ауа райының факторларына төтеп беру қабілеті, үйдегі тұрмыстық техниканың сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуі – аудан тұрғындарын алаңдатқан маңызды мәселелердің бірі. Қатты желдің салдарынан зардап шеккен нысандар анықталып, оларды қалпына келтіру бойынша шаралар шұғыл түрде ұйымдастырылды. Себебі жергілікті тұрғындарды электрмен үздіксіз қамтамасыз ету — біздің негізгі міндеттеріміздің бірі, – деді аудан басшысы.
А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.