Аудан орталығында үш көшені жарықтандыру мақсатында жалпы құны 54 млн теңгені құрайытын жоба әзірленді. Биыл Карел-Полка көшесінен «Толқын» кафесіне дейін 13 жарық шам орнату жоспарлануда.
Бұл бағытқа 12,8 млн теңге қарастырылған. Аудан әкімі Нығман Жүсіповтың айтуынша, 2027 жылы Жазы батыр көшесінен «Сәлем» дүкеніне дейін 25 жарық шам орнатылмақ. Сондай-ақ, Құдайберген батыр көшесінен республикалық маңызы бар автожолға дейін 28 жарық шам орнату көзделуде.
— Өткен жылы ауданда 30 балалар ойын алаңы ретке келтірілді. Ертіс ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлер аумағында заманауи ойын алаңы орнатылып, жағажай абаттандырылды. Ұзынсу және Ертіс ауылдарындағы көшелерде жарықтандыру желілері жөнделді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады, — дейді Н.Жүсіпов.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Ертіс ауданы.
