Жарықшамдар орнатылды

Қаз 23, 2025

Баянауыл ауданының орталығындағы көшелерге жарық-шамдар орнатылды. Нәтижесінде, түнгі уақытта тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалып, қауіпсіз-діктің алдын алуға мол мүмкіндік туды.

Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша қазргі таңда орталықтағы 13 көше жарықтандырылған.

— Ауданымызда инфрақұрылымды жақсарту мақсатында тағы бір маңызды жұмыс аяқталды. Яғни, облыс әкімінің қолдауымен 9 шақырым көше жарығы орнатылды. Тұрғындардың жайлы өмір сүруі, сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі үшін жалпы саны 307 баған қойылды, — дейді аудан әкімі Ардақ Кісентаев. Оның айтуынша, алдағы уақытта да өңірді көркейту, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және халыққа барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыстар жалғасын таба бермек.

Н.ШОДЫР.

Баянауыл ауданы.