Успен ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жас талап» жастар қоғамдық бірлестігі оқушылар мен студенттер арасында патриоттық тәрбие беру мақсатында жастар слетін ұйымдастырды.
Жастар жиыны қазіргі армиядағы қызметтің беделіне бағытталған ақпараттық бөлімнен тұрды. Сондай-ақ, слет шеңберінде әскери-қолданбалы іс бойынша спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Оған Успен ауданының мектептері мен колледжінен 13 команда қатысты. Жастар әскерилендірілген эстафетадан өту дағдылары бойынша күш жүктемелері, оқу құралы «АК-47-ні» бөлшектеу және құрастыру, азаматтық қорғаныс іс-шаралары негізінде жарысқа түсті.
Соңында қазылар алқасы жарыстың қорытындысын шығарып, жүзден жүйрік деп танылған білім ордалары жеңіс тұғырына көтерілді. Бірінші орынды Успен ауылының М.Жұмабаев атындағы мектеп иеленсе, екінші орынды Успен ауылының А.Байтұрсынов атындағы мектебі жеңіп алды. Ал үшінші орын иегері — Лозов ауылының Ш.Айманов атындағы мектебі. Барлық жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
А.МҰҚЫШЕВ.