«Добродей» еріктілер клубының мүшелері қоғамдық көмекшілерді қолдау мақсатында «Жылулық сыйла» акциясын ұйымдастырды. Ертіс жастар орталығының белсенділері қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген мамандарға қолғабыс етіп, ыстық ас ұсынды.
Жуырда қоғамдық қызметкерлер саябақтарды, сауда павильондарын жөндеп, ретке келтірді. Сонымен қатар, жалғызбасты зейнеткерлердің үйіне барып, қолғабыс етті. Мұндай қайырымды жұмысқа 20 адам тартылғанын атап өту керек.
«Добродей» еріктілер клубы да игілікті істі жалғастырып, аграрлық-техникалық колледждің студенттерімен бірге жалғыз тұратын қариялардың үйіне барып, ауласын қардан тазалауға көмектесті. Үйіне көмір енгізіп берді. Қоғамдық көмекшілер жүрегі мейірімге толы жастардың ісіне риза болып, алғыс білдірді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.