Ауданда «Жасыл ел» еңбек жасағы елді мекендерді қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Биыл еңбек маусымына 40 жас тартылған. Олардың жалақысы 70 мың теңгені құрайды. Жасақ мүшелері көше мен саябақтарды абаттандырып, ағаштарды күтіп-баптап, «Жастар» аллеясын қоқыстан тазартуда. Сыртқы қоршауларды сырлау- мен айналысуда.
— «Жасыл ел» жаз мезгілін тиімді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік сыйлады. Таңғы салқынмен жұмысқа шығып, ауылымды көріктендіреміз. Өзіме жаңа достар тауып, еңбектің нәтижесін бірге көріп келеміз. Бастысы, туған жерге деген қамқорлықты атқарылған ісіміз арқылы сезінудеміз, — дейді Бақытжан Юлдашев.
Ауыл тұрғындары да еңбек етіп жүрген жастардың жұмысына ризашылықтарын білдіруде.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.