«Жас саяхатшы» аудандық жобасына сәйкес, білім беру бөлімі Алматы қаласына көшпелі экскурсия ұйымдас-тырды.

Тур бағдарламасын «Бес жұлдыз» туристік агенттігі құрастырды. Экскурсияға 20-ға жуық оқушы мен мұғалім қатысты. Тур ақысы ата-аналар мен кәсіподақ ұйымы есебінен төленді.

Бағдарламаға сәйкес, балалар Алматы қаласының көрікті жерлерін аралады. Бұл ретте олар Панфиловшылар атындағы саябаққа, Мәңгілік алауға, орталық мешітке, Абай және Тәуелсіздік алаңына барды. Сонымен қатар, Медеу мұз айдыны, Көктөбе саябағы оқушыларға ерекше ұнады. Бұдан бөлек, балалар Шарын шатқалына, Көлсай көліне, Қайыңды көліне барып демалды. Мұндай әсерлі экскурсияны балалар ешқашан ұмытпасы анық. Ата-аналар қауымы ұл-қызына көңілді демалыс сыйлағаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.