Жағажайлар жабдықталған

Шіл 3, 2025

Шарбақты ауданындағы Маралды көліне барып демалушылар үшін екі жағажай жабдықталған. Тұрғындар оның біреуіне тегін, ал екіншісіне ақылы түрде демалып қайта алады.

Мамандардың айтуынша, Маралды көліне келушілер үшін ақылы кіретін жағажайда қолайлы жағдайлар жасалып, қосымша қызметтер көрсетілетін болады. Ал Жылыбұлақ ауылында орналасқан тегін демалатын коммуналдық жағажайда да тұрғындардың алаңсыз демалуына мүмкіндік бар.

Аудандағы төтенше жағдай, ішкі істер бөлімдерінің өкілдері Маралдыға келетін қонақтарға арнайы белгіленген және жабдықталған орындарда ғана демалу керектігін қатаң ескертуде. Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін айтуда. Бұл ретте, су айдындарында шомылуға рұқсат етілген орындарда арнайы белгілер орнатылғанын атап өткен жөн.

Н.ШОДЫР.