Жағажай жайлы болады

Мам 22, 2025

Тереңкөл ауылындағы орталық жағажай аумағы биыл тынығушыларға жайлы болмақ. Қазіргі таңда мұнда ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жағажайды жаңартуға қазынадан 80 млн теңге қарастырылған. Бұл жұмыс-тарды «EL-KZ 2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырады. Жоспарлы істерді 1 шілдеге дейін тәмамдауы тиіс.

Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Ризабек Айтмағамбетовтің айтуынша, жағажайда жаңадан заманауи балалар алаңы, воркауттық жаттығу құралдары орнатылады. Шағын субұрқақ болады. Жағалау алаңы гүлзармен көмкеріліп, жасыл желекке бөленеді деп күтілуде. Мұнда шырша, алма ағаштары егіледі.

Ертіс өзені жағасында самал желде шатырлы күркеде табиғатты тамашалап отыруға жағдай жасалмақ. Суға шомылуға келген тұрғындар үшін күннен қорғануға арналған шатыр жасалады. Орталық сахна да жаңартылады. Жарық бағаны орнатылады.

Г.МАҒЖАН.

WhatsApp