Осы жылы Ақтоғай-Шолақсор облыстық маңызы бар авто-жолының 111-шақырымнан 122-шақырымға дейін (10,8 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмысты «ГорДорстрой» кәсіпорны 451 млн теңге сомасына орындады. Сондай-ақ, 126-шақырымнан 164-шақырымға дейінгі жолды орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аудан бюджетін нақтылау кезінде Шолақсор ауылына кіреберіс жолға орташа жөндеу жүргізуге қаражат бөлінді. Жұмыстарды орындауды сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер 4 рет өткізілді. Мердігерлер жұмыстың ерекшелігі бойынша қажетті талаптарға сәйкес келмеді. Сондықтан бұл жобаны іске асыру келесі жылға ауыстырылды. Қазір жобаның техникалық құжаттамасына өзгерістер енгізілуде.

 

А.БОРАНБАЕВА.