Жағдай — бақылауда

Сәу 2, 2026

Баянауыл ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, қазіргі уақытта өңірдегі жағдай тұрақты.

– Көктемгі су тасқынының қауіпті кезеңіне байланысты Сәтбаев ауылдық округі мен Жаңажол ауылына қарасты лимандар мен өткелдерді аралап шықтым. Су деңгейі, инфрақұрылымның жай-күйі және қауіпсіздік шаралары тексерілді. Жауапты мамандармен бірлесіп, ықтимал тәуекелдердің алдын алу жұмыстары қолға алынуда. Халықтың қауіпсіздігі – басты назарда, – деп атап өтті аудан басшысы. Оның айтуынша, бүгінде бұл өңірдегі 389 су өткізу құбыры толық тазартылып, қажетті инертті материалдар қоры дайындалған. Сонымен қатар, елді мекендерден қар шығару жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Мердігер ұйым-дардың жұмысы да ретке келтірілген.

Аудан әкімдігінің өкілдері көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар қатаң бақылауда екенін алға тартуда.

Н.ШОДЫР.

Баянауыл ауданы.