Железин аудандық ауруханасын жаңа жабдықтармен толық-тыру жалғасуда. Кезекті заманауи аппарат плазманы, қанды, оның компоненттерін және инфузиялық ерітінділерді ерітуге, жылытуға қолданылады.
Аудандық ауруханының мәліметіне сүйенсек, бұл құрылғы операциялық, реанимация палаталарында, күйік бөлімдерінде инфузиялық-трансфузиялық терапия жүргізілетін барлық жерде кәдеге жаратылады. Мамандар ерітінділер мен қан компоненттерін жылыту қауіпсіз емнің маңызды шарты екенін айтады. Аппаратпен жылыту гипотермия қаупін төмендетіп, асқынуларды азайтуға және науқастардың жағдайын жақсартуға әжептәуір көмектесетін көрінеді. Бұл дегеніңіз тұрғындарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Г.МАҒЖАН.
Железин ауданы.
