Соңғы жылдары Ақтоғай ауданында медицина саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде медициналық қызметтің сапасы артып, алғашқы медициналық көмек қолжетімді болып отыр.
Жуырда аудандық орталық ауруханаға үш жаңа жедел жәрдем көлігі табысталды. Заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылған бұл көліктер шалғай елді мекендердегі тұрғындарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Дәрігерлердің айтуынша, жаңа техника шұғыл жағдайларда уақыт үнемдеуге әрі науқастардың өмірін сақтап қалуға зор септігін тигізбек.
Айта кетейік, 2023-2024 жылдары ауданның жедел жәрдем паркі 7 санитарлық көлікпен толыққан еді.
А.БОРАНБАЕВА.

