Қазіргі таңда жеке аулаларда мал сойып, етін саудалауға тыйым салынған. Сондықтан Екібастұз қаласының билігі ауылдық аймақтарда арнайы орындар ашуға аса мән беріп отыр. Жыл соңына дейін бірнеше елді мекенде осындай пункт қолданысқа тапсырылмақ.
Қазіргі таңда Қоянды ауылдық округінде екі, ал Теміржол, Әлкей Марғұлан, Сарықамыс ауылдары мен Солнечный кентінде бір-бір қасапхана бар. Шілде айының соңына дейін Тай, Шиқылдақ және Ақкөл елді мекендерінде, күзде Екібастұз қаласының өзінде мал сою орындарын ашу жоспарланып отыр. Таяуда Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин пункттерге барып, мұндағы жұмыс барысын тексеріп қайтты.
Шаһар басшысының айтуынша, барлық орын ветеринарлық инспекция тексе-рісінен өтіп, арнайы есеп нөмірлерін алды.
— Рұқсатқағаз алған орындардың барлығында ветеринар түлікті қарап, ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізеді. Содан соң ғана ет нарыққа жөнелтіледі. Бүгінде жеке аулада мал союға қатаң тыйым салынатынын ескеру керек. Сол себепті әр аулада мамандандырылған пункт ашу міндеті тұр, — деді А.Бейсекин.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.