Жаңа филиал ашылды

Ақп 19, 2026

Баянауыл ауданына қарасты №2 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде бочча спортын дамытуға арналған филиал ашылды. Мұнда ерекше білім беруді қажет ететін балалар ел қатарлы спортпен айналысатын болады.

Жаңа филиалдың тұсаукесер салта-натына Павлодар облысы бойынша бочча федерациясының өкілдері — Лейла Қасыманова, Денис Черкашин,  аталмыш спорт түрінен халықаралық ойындардың жеңімпазы Виктор Кожевников және басқа да қонақтар арнайы қатысты.

— Мұндай филиалдың мектебімізде ашылуы біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін. Енді осында бочча спортын кеңінен насихаттап, ерекше балалар мен жастардың спортқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін боламыз. Сондай-ақ, балалар спортпен шұғылданып қана қоймай, тәрбиелік жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіледі, –
деп атап өтті мектеп басшысы Жанат Жұмағұлова. Оның айтуынша, филиал қажетті спорттық құралдармен жабдық-талған.

Айта кетерлігі, бүгінде №2 Майқайың мектебінде ерекше білім беруді қажет ететін 22 оқушы бар. Ал аталмыш мектеп жанынан ашылған логопунктте
38 баланы түзету және дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Н.ШОДЫР.

Баянауыл ауданы.