Жаңа фильм жарыққа шықты

Сәу 24, 2025

Баянауыл ауданында әйгілі жерлестеріміз, қазақ мәдениеті мен әдебиетінде өзіндік орны бар дара тұлғалар — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен Мұса Шорман бабамызға арналған деректі фильмнің тұсауы кесілді.

Ұлы тұлғалар жайлы жаңа фильм алдымен баянауылдықтардың назарына ұсынылды. Оны тамашалауға келген халық қарасы қалың болды.

— Аталмыш фильм қазақ елінің өткені мен бүгініне ерекше құрметпен қарайтын азамат, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбековтың ұйымдастыруымен жарыққа шықты. Алыптардың туған жерінде алғаш рет көрерменге ұсынылып отырған деректі фильмде елдің, жердің тарихы, данышпандардың өмірі лайықты суреттеледі. Бұл туынды көрерменнің көңілінен шығып, тарих қатпарында мәңгілік қалатынына сенемін, — деп атап өтті аудан әкімі Ардақ Кісентаев. Сондай-ақ, ол осы фильмді түсіруге бір кісідей атсалысқан Зауытбек Тұрысбековке баянауылдықтар атынан шексіз алғыс білдірді.

Н.ШОДЫР.