Биыл Баянауыл ауданындағы бірнеше бағытты қамтитын автомобиль жолдары тақтайдай тегіс болмақ. Оның ішінде аудандық маңызы бар төрт жобаны атап өтуге болады.
Аудан әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, осы жылы ауданда автожолдарды күрделі және орташа жөндеу бойынша барлығы 9 жоба жүзеге асырылуда. Соның нәтижесінде 56,352 шақырым жол жөнделеді.
Айталық, Сұлужон және Шөптікөл ауылдарына апаратын жолдарда жөндеу жұмыстары басталды. Оның барысын аудан басшысы тексеріп қайтты.
Сұлужон ауылына апарар 25,123 шақырым жолдың 4 шақырымы ресайклинг әдісі бойынша салынды. Ал Шөптікөл ауылына апарар 5,262 шақырым жолда қиыршық тас төселуде. Бүгінде жұмыстарды атқаруға қажет материалдардың барлығы жеткізілді.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.