Кеншілер шаһарында жеке сектор көшелерінің жолын жөндеп, қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Олардың барлығы қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс.

Былтыр Екібастұз қаласындағы жеке сектордың 28 көшесіне асфальт төселді. Биыл тағы жеке тұрғын үйлер орналасқан 29 көшедегі жолды жақсарту жоспарланған. Бүгінде оның 15-інде тиісті жұмыстар аяқталды. Аталған жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттерден қажетті қаражат бөлінді. Қала қазынасынан көшелердің ағымдағы жөндеуіне қосымша қаржы қарастырылды

— Жеке сектордың барлық жолдарын асфальтпен бірден қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды дамыту жоспарларын ескере отырып, жолдарды асфальттаудың орта мерзімді жоспары әзірленді.
Осы бағыттағы жұмыстарды жалғас-тыратын боламыз, — дейді А.Бейсекин.

Шаһар басшысы жауапты қызметкерлер мен мердігерлік ұйым өкілдеріне жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.