Биыл құрғақшылық зардабы тигенімен, Аққулы ауданы қысқы мал азығын қамдап үлгерген. Судың тапшылығына, жауын-шашынның аз түскеніне
қарамастан, ауданда жем-шөп қоры жеткілікті.

Бұл жөніндегі Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Руслан Мұқанов баяндады.

— Жем-шөп қоры дайын, өнімділігі гектарына 12 центнерді құрайды. Жайылмада шөп 80 пайызға шабылып, 76 мың тоннасы жиналды. Бір тонна шөптің бағасы 20 мың теңгеден аспайды, — деп сендірді аудан басшысы. Шілде айынан бастап ауданның жұмыс тобы құрғақшылыққа ұшыраған аумақты анықтау үшін егістік алқаптарын зерттеді. Ең көп 1290 гектар аумақ зардап шекті. Оның 793-і дәнді дақылдар, 764–і- майлы дақылдар, 400–і — көпжылдық шөптер. Ертістегі су аз болғандықтан, жайылмаға әдеттегі деңгейде су жайылмағандықтан, Май, Павлодар және Аққулы аудандары зардап шеккен болатын. Аудан әкімі Руслан Мұқановтың айтуынша, биыл 8 айдың қорытындысына сәйкес, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарып келеді.

— Ағымдағы жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне «Тамыр» несие серіктестігі арқылы 115,7 млн теңге сомасына 48 жоба несиелендірілді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 81 ауыл шаруашы-лығы техникасы мен жабдықтары  923,1 млн теңгеге алынды. Соның нәтижесінде ауданның техникалық паркі комбайн, тиегіш, экскаватор, қытайлық «YTO», «LOVOL», «ZOOMLION», «LUTONG» және «Беларус» тракторларымен толықты, — деді спикер. Ауданның Бесқарағай ауылында «Дәнекер» ЖШС 10,5 тонна өнімге лайықталған көкөніс қоймасын, ал Қарақала ауылында «Ертіс Су» ЖК 200 бас малға арналған бордақылау алаңын салуда. Облыстық және қосымша аудандық бюджеттер есебінен экскаватор-тиегіш және «SHACMAN» маркалы самосвал-автокөлігі сатып алынған. Ауданда 839 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің 147-сі биыл жаңадан қосылған. Қосымша кәсіпкерлік субъектілерін ашу бойынша жұмыстар одан ары жүргізілуде. Ал кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде «Іскер» бағдарламасымен 23 жоба несиелендірілді.

— Биыл «Ауыл Аманаты» бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Аудан бойынша 16 кәсіпкер 131 млн теңге сомасына шағын несие алды, нәтижесінде мал және өсімдік шаруашылығы саласында 27 тұрақты жұмыс орны құрылды, деді Руслан Мұқанов. Ағымдағы жылдың II жарты-жылдығында жалпы ауданы 5465 гектар болатын 17 жер учаскесі, оның ішінде жайылым, шабындық, егістік жерлер конкурсқа шығарылды. Пайдаланыл-маған 9376 га жайылым жер қайтарылды. Жыл соңына дейін 25 мың га қайтарылады. Ағымдағы жылы облыстық жер ресурс-тарын басқару департаментінің атына жалпы ауданы 15074,9 га болатын жер учаскесінің 10 иесіне қатысты тексеру жүргізу туралы тиісті хат жолданған. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау және қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы ұзындығы 28 км аудандық маңызы бар жолдар жөнделеді. Атап айтқанда, Аққулы-Қазы-Майқарағай, Майқарағай-Шақа, Қарақала-Қазы-Баймолдин автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудандық бюджеттен  Тілектес ауылына кіреберіс жол және Ысқақов көшесіндегі ауылішілік жолды, сондай-ақ, Шақа ауылын-дағы Гагарин және Центральная көшелерінің ауылішілік жолдарын орташа жөндеуге қаражат бөлінді. Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шеңберінде ағымдағы жылы ауданның 6 елді мекенінде жобалар іске асырылған. Бүгінгі таңда Жаңатаң және Шабар ауылдарында су құбырының құрылысы аяқталды. Әйтей, Тақыр, Қызылқоғам және Майқарағай ауылдарында жеңілдетілген су құбырларының құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалардың нәтижесінде 1590 адам орталық су құбырына қосылып, аудан тұрғындары таза сумен толық қамтылмақ.

Т.ӘБІЛДА.