Жуырда төтенше жағдай қызметкерлері жолда қалып қойған автобус жолаушыларына көмектесті. Мамандар Ямышев ауылына жақын орналасқан республикалық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» бағытындағы сынып қалған көлікке аз уақыттың ішінде жеткен.
Автобус Қарағанды қаласынан шығып, Өскемен қаласына бет алған. Жолда көліктің отын сорғысы сынып, жүргізуші құтқару қызметіне хабарласқан. Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына жетіп, 8 адамды эвакуациялады. Оларды Ямышев ауылындағы мектепке орналастырып, ыстық тамақ берді. Сол уақытта жауапты мамандар автобусты жөнге келтірді. Жылынып, ас ішкен жолаушылар бірер сағаттан кейін Өскемен қаласына бағыттарын қайта жалғастырды. Қыста далада қалған сәтте көмек қолын созған мамандарға ризашылықтарын жеткізді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.