Баянауыл ауданында жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу бойынша 9 жоба іске асырылған. Оның жалпы ұзын-дығы 56 шақырымды құрайды.
Аудан әкімі Ардақ Кісентаевтың айтуынша, биыл жөндеуге жоспарға енген жолдың 37 шақырымы – аудандық маңызы бар (4 жоба), ал 19 шақырымы – ауылішілік (5 жоба) жол. Аталған жобалар бойынша тозығы жеткен жолға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен асфальт төселуде.
— Кеше аудан орталығындағы жөндеуден өтіп жатқан жолдардың жағдайын бақыла-дым. Баянауыл ауылында 9,5 шақырым болатын ауылішілік жолға асфальт төселіп, халық үшін қолайлы жағдай жасалуда. Жақын күндері жұмыстар толығымен аяқталып, барлығы 21 көшенің жолы тегістеледі, — деді аудан әкімі Ардақ Әнуарбекұлы.
Бұл жұмыстар — ауыл инфрақұрылымын жақсартып, жергілікті халықтың жайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Енді аудан орталығында көлікпен жүру де, жаяу жүру де әлдеқайда жеңіл әрі қауіпсіз болатынын атап өтті аудан басшысы.
Т.САХАБА.
Баянауыл ауданы