Ауданда жол жөндеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Биыл Атамекен-Ертіс-Русская Поляна тас жолының 226-244 шақырымы мен 257-263 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Шілде айында қолға алынған игі істің нәтижесінде аталған жолдың 257-263 шақырымынв асфальт төселуде. Бұл бағыттағы жұмыс 2026 жылы аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, ауданда Панфилов-Бестөбе бағытындағы жолдың 15 километрі жөнделмек. Бүгінде 3,5 шақырымына жөндеу жүргізілуде. Бұдан бөлек, Амангелді ауылының кіре-беріс жолы жаңа кейіпке енеді. Жұмысқа 17 техника жұмылдырылған. Мердігер «Ай-Су Мелиорация» ЖШС өзіне жүктелген міндетті жоспарлы орындауда. Ауданда Панфилов-Қосағаш бағытындағы жолдың 5 километріне асфальт төселді. Сонымен қатар, мердігер «Нұрал» ЖШС Панфилов ауылының екі көшесіне, Қызылжар ауылының екі көшесіне, Сілеті ауылының екі көшесіне орта жөндеу жұмысын жүргізді. Мұндай жөндеу Абай ауылының көшелерінде жалғасуда. Осылайша, ауданда халық игілігі үшін ауқымды іс қолға алынған.
Самат МӘНЕНҰЛЫ.