Ауданда қыс мезгілінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолды уақытылы қардан тазалау мәселесі бақы-лауға алынған. Бұл ретте 6 мердігермен келісімшарт жасалған.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметжанованың айтуынша, жуырда аудан әкімі Руслан Мұқанов республикалық, аудандық маңыздағы жолдарды күтіп ұстау, қардан тазалау бойынша мердігерлермен жолығып, техникалардың дайындығын тексерген. Аудан көлемінде 19 бірлік техника жұмыс істемек.
— Аудандағы жолдар 8 учаскеге бөлінген. Қазы-Баймолдин бағытындағы жолды «Кәкішев» жеке кәсіпкерлігі, Қазы-Қазантай бағытындағы жолды «Гүлнәр» жеке кәсіпкерлігі, Малыбай-Шақа бағытындағы жолды «ОКС –Павлодар» ЖШС, Төсағаш-Жабағылы бағытындағы жолды «Нұрымбеков» жеке кәсіпкерлігі қардан тазалайды. Ал Қарақала-Қазы бағытына «Бүрібаева» жеке кәсіпкерлігі, Аққулы-Қазы, Аққулы-Бесқарағай бағыттары мен Аққулы ауылының жолына «Бекарыс» жеке кәсіпкерлігі жауапты. Мердігерлер өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындайды деген сенімдеміз, — дейді Жаннұр Данабекқызы.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.