Жол азабы азаяды

Қаң 20, 2026

Ақтоғай ауданында жол инфрақұрылымы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, Атамекен-Ертіс-Русская Поляна республикалық маңызы бар автомобиль жолының аудан аумағынан өтетін бөліктерінде өткен жылы жалпы ұзындығы 33 шақырым учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Оның 13 шақырымы Қараоба ауылдық округінің аумағында (52-65 км), 7 шақырымы Мүткенов ауылдық округінің аумағында (66-73 км) және тағы 13 шақырымы – Қожамжар ауылдық округінің аумағында (104-117 км) орналасқан. Жоба аясында 51 және 53 шақырым учаскелерінде жаңа су өткізгіш құбыр-ларды орнату, сондай-ақ 71 шақырымда орналасқан қолданыстағы құбырды жөндеу жұмыстары қарастырылған. Мердігер ұйым – «АЗА» кәсіпорны.

Жөндеу жұмыстарымен қатар, Приреченск ауылының маңында орналасқан автопавильон толық жаңартылды. 100 шақырымда, Ақтоғай ауылы маңында демалыс алаңын қоса отырып, эстакада құрылысын жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Алаңда дәретхана, шатырлы демалыс орны, қоқыс контейнерлері және жарықтандыру қарастырылған. Аумағының жолдары асфальтталған.

А.БОРАНБАЕВА.

Ақтоғай ауданы.