Шарбақты ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудандық жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Жол бер!» атты акция өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғасының алдын алып, көлік жүргізушілер арасында мәдениетті қалыптастыру болып табылды.

Шыны керек, кейбір жүргізушілер өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем көліктеріне жол бермей, шақырту түскен жерге жылдам жетуіне кедергі жасап жатады. Акция аясында мамандар көлік тізгіндеген азаматтарға осы мәселені жан-жақты түсіндірді. Бұдан былай, шарбақтылық жүргізушілер дыбыстық сигналдары қосылған өрт сөндіру автокөліктері мен жедел жәрдем машинасына жол береді деген үміт бар.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы автокөлік шақырту орнына неғұрлым тез жетсе, соғұрлым тұрғындардың өмірін аман сақтап қалу ықтималдығы жоғары. Себебі, шақырту кезіндегі әр минут үлкен рөл атқарады, дейді мамандар.

Н.АҚЫТЕГІ.