Билік пен бұқараның кездесуі – көкейтесті мәселелер шешілетін, алдағы жоспар талқыланатын алаң. Бұл ретте Ақсу қаласына қарасты ауылдық аймақ азаматтары жергілікті басшылыққа түрлі талап-тілегін білдірді.
Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов тұрғындармен тұрақты кезде-сулерді бастады. Мұндай алғашқы жүздесулер Қалқаман және Евгеньевка ауылдық округтерінде өтті. Кездесу барысында тұрғындар жолдарды асфальттау, көше жарығын жақсарту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты мәселелерді көтерді. Шаһар басшысы кездесулерден кейін азаматтарды жеке қабылдап, қосымша өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Барлық көтерілген мәселелер назарға алынып, жұмыс жоспарына енгізілді.
Болатбек Кәрімұлы Достық және Қанаш Қамзин ауылдық округтерінің тұрғындарымен де кездесті. Бұл елді мекендердің азаматтары да жолдарды асфальттау, көшелерді жарықтандыруды реттеу және жер мәселелеріне
қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Сонымен қатар, кездесуден соң азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, ауылдағы ағайын өтініштері мен ұсыныстарын
білдірді.
Өз тілшіміз.
Екібастұз қаласы.
