Жол салынады

Там 7, 2025

Келесі жылы Жалаулы ауылында «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар жоба іске асырылмақ. Қазіргі  уақытта аталған жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Мәселен, елді мекеннің Абай (1,6 шақырым), Ы. Алтынсарин (1,2 шақырым), Тәуелсіздік (0,6 шақырым) көшелері бойынша ауылішілік жолдар орташа жөндеуден өтеді. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге «Автодорпроект» жобалау ұйымымен келісімшарт жасалған. Сонымен қатар, ауылдық мәдениет үйі мен Алшынов атындағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтпек. Мәдени мекеме бойынша конкурс рәсімдері жүргізіліп жатыр. Ал білім ордасын қаржы бөлінген жағдайда жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

А.БОРАНБАЕВА.