Бүгінде Ақжол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Құрылысты «Таир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алды. Жұмыстарды 1 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.

Аудан әкімі Қаршыға Арыновтың Ақжол ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуі барысында ел азаматтары тарапынан Басқамыс ауылында су құбырын салу мәселесі көтерілді. Одан бөлек, көше жолын асфальттау, учаскелік полиция қызметкеріне қызметтік көлік бөлу, зейнетақы төлеміне қатысты пошта қызметінің жұмысы және шағын футбол алаңының жарықтандырылуы бойынша түйткілдер сөз болды.

Аудан әкімі су құбырының құрылысы бойынша қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, салалық министрлікке бюджеттік өтінім жолданғанын атап өтті. Жоба сомасы 838 млн теңгені құрайды және мақұлданған жағдайда келесі жылы құрылысы басталмақ. Ал өзге мәселелер басты назарға алынатын болды.

Сондай-ақ, аталған елді мекенде шағын футбол алаңын салу жоспарланып отыр.

 

А.БОРАНБАЕВА.